Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Британия Газаны қалпына келтіру жөніндегі халықаралық саммитке ұйытқы болады
09:57 / 2025-10-14

Ұлыбритания астанасы Лондонда Газаны қалпына келтіруге арналған үш күндік халықаралық конференция өтеді.

Бұл жиынға Палестина әкімшілігі, Сауд Арабиясы, Иордания, Германия және Италияның өкілдері, сондай-ақ Дүниежүзілік банк, Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) секілді халықаралық қаржы институттары, жеке донорлар мен гуманитарлық ұйымдар қатысады.

Талқылаулар барысында Газа инфрақұрылымын қалпына келтіру және Палестина әкімшілігі шеңберіндегі реформалар мәселелеріне баса назар аударылады.

Сонымен қатар, Лондон Газа секторына 27 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсететінін мәлімдеді. Бұл қаражат ЮНИСЕФ, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы және Норвегияның босқындар кеңесі арқылы су, санитария, азық-түлік және гигиена қызметтерімен қамтамасыз етуге жұмсалмақ.