Британдық велошабандоз «Тур де Франстың» 12-ші кезеңінде жеңіске жетті
Ұлыбританиялық велошабандоз Том Пидкок «Тур де Франс» тас жолындағы жарыстың 12-ші кезеңінде жеңіске жетті.
«Ineos Grenadiers» командасының өкілі 165,1 шақырымдық қашықтықты 4 сағат 55 минут 24 секундта бағындырды.
Екінші орынды Intermarche — Wanty — Gobert Materiaux командасының оңтүстік африкалық өкілі Луис Мейнтджес иеленді (артта қалуы - 48 секунд). Мәреге үшінші болып британдық Крис Фрум (+2,06) жеткен.
Жалпы есепте 46 сағат 28 минут 46 секунд көрсеткішімен Jumbo-Visma командасының даниялық велошабандозы Йонас Вингегор көш бастап тұр. Екінші орында 2 минут 22 секунд артта қалған UAE Team Emirates командасының словениялық Тадеж Погачар болса, үшінші орында Ineos Grenadiers командасының британдық Герайнт Томас көшбасшыдан 2 минут 26 секундқа қалып тұр.