Британдық The Times газетінің еншілес басылымы The Times Travel «Өзбекстанға саяхат жасап, Ұлы Жібек жолының құпияларын ашыңыз» деген мақала жариялады.
«Ұлы Жібек жолын шынайы бейнелейтін елді көргіңіз келсе, бұл — аты аңызға айналған сауда жолының орталығында орналасқан Өзбекстан», — деп жазды The Times.
Басылым Бұхара мен Самарқандқа саяхатшыларды 11 күндік сапарға шығуды ұсынып, онда ЮНЕСКО тізіміне енген қазыналарды әр қадамнан кезіктіруін жазған.
Бұл саяхат сізді сәулетті және мәдени байлығы жағынан тамаша Самарқанд қаласына жетелейді. Бұхарда ислам сәулет өнерінің үздік үлгілері саналатын ғажайып ескерткіштер, мешіттер мен медреселер бар. Сондай-ақ, сіз базары қайнаған астанасы Ташкентті, сондай-ақ Хиуа қаласын және оның әдемі сақталған дуалмен қоршалған ескі қаласын зерттеуге мүмкіндік бар – дейді британдық басылым.
Lonely Planet Орталық Азияны «2020 жылдың үздік аймағы» деп таныды. Өзбекстанға визасыз саяхаттың ашылуы британ азаматтары үшін Ұлы Жібек жолының ең жақсы қалаларында 11 күн демалуға тамаша мүмкіндік, делінген хабарламада.