Роспотребнадзордың эпидемиологиялы Орталық ғылыми-зерттеу институты коронавирустың «британдық» штаммы «N501Y» мутациясын анықтайтын AmpliSens® SARS-CoV-2-UK-IT сынақ жүйесін жасап, тіркеуден өткізді.
Жаңа тест жүйесі осы штамды тез анықтауға арналған және ол вирустық жүктемесі жоғары үлгілердегі мутацияны анықтауда жалған оң нәтижелерді болдырмауға мүмкіндік береді.
Жаңа технологияны коронавирустың кез-келген басқа мутациясы мен жылдам жаппай тексеруді қажет ететін басқа инфекциялы қоздырғыштарды (пандемиялық инфекциялар) анықтауда реагенттерді жасауда қолдануға болады.
Коронавирустың жаңа түрі туралы Ұлыбританияда 2020 жылдың желтоқсан айының соңында хабарланды. Британдық штамм жұқпалы болып саналса да, ауыр жағдайларды тудырмайды. Сонымен қатар, ол көбінесе ауа тамшылары арқылы жұғады. Сондықтан оған қарсы тиімділігі дәлелденген бұрын қолданылған шаралар сақталады: науқастарды оқшаулау, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, жеке қорғаныс құралдарын қолдану және вакцинация.
Қазірге дейін індеттің бұл түрі әлемнің 41 еліінде анықталған.