Британдық компания Өзбекстаннан 10 мың тонна бұршақ дақылын импорттамақ
Лондондағы Өзбекстан елшілігінде британдық AGT Poortman компаниясының бас консультанты Джеймс Халфордпен маш астық дақылын экспорттау мәселесі бойынша кездесу өтті.
Dunyo ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Джеймс Халфорд AGT Poortman компаниясы жүргізген маркетингтік зерттеулердің нәтижелері бойынша Өзбекстанда өсірілетін бұршақ дақылдарының сапасы Ұлыбритания нарығында бәсекеге қабілетті екенін айтқан.
«Сондай-ақ, Өзбекстаннан 10 мың тонна маш әкелуге және Өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекциямен бірлесіп жұмысты бастауға дайын екенін жеткізді», делінген хабарламада.

AGT Poortman Ұлыбританияда 30 жылдан бері жұмыс істейді. Жылдық тауар айналымы 2 миллиард долларды құрайды. Кәсіпорын астық және бұршақ дақылдарын импорттау бойынша әлемнің 16 елімен ынтымақтастық орнатқан. Дүние жүзінде 45 өндіріс орны бар.