Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Британдық маман алғашқы вакциналар барлық жанға бірдей тиімді болмауы мүмкін екенін айтты
15:38 / 2020-10-28

Ұлыбритания үкіметінің вакциналар жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Кейт Бингем алғашқы вакциналар барлық жанға бірдей тиімді болмауы мүмкін екенін мәлімдеді


Ұлыбритания үкіметінің вакциналар жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Кейт Бингем алғашқы вакциналар барлық жанға бірдей тиімді болмауы мүмкін екенін мәлімдеді.

Коронавирустық вакциналардың бірінші буыны бәріне бірдей тиімді болмауы және қысқа мерзімді әсер етуі мүмкін. Мұндай пікірді Ұлыбритания үкіметінің вакциналар жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Кейт Бингэм білдірді.

«Вакциналардың бірінші буыны тиімді болмауы мүмкін және біздер вакцинаның аурудың алдын ала алмайтындығына, олар тек қана белгілі бір симптомдарды азайта алатындығына дайын болуымыз керек. Оның өзінде де вакцина барлық жанға бірдей тиімді немесе ұзақ уақыт әсер етпеуіде мүмкін», - деп жазған Бингем «The Lancet» газетіндегі мақаласында.

Бингемнің айтуынша, вакцинаның өндірісіне байланысты көп үміт артпауға шақырып, тіпті оның мүлдем болмауы да мүмкін екенін айтқан.

Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок, үкімет елдегі коронавирустық вакциналар тиімділігі дәлелдегеннен кейін 2021 жылдың бірінші жартысында емдеу басталуы мүмкіндәгән алға тартқан.

Қазіргі уақытта Ұлыбританияда клиникалық сынақтардан өтіп жатқан 6 вакцинаның ондаған миллион дозасына бастапқы келісімшарт жасалған. Корольдік бүгінде Оксфорд университеті мен AstraZeneca компаниялары өндіріп жатқан вакцинаға үлкен үміт артуда. Осы вакцинаның клиникалық сынақтарының соңғы кезеңі Ұлыбритания, Бразилия, Үндістан, Оңтүстік Африка және Жапонияда өтуде. Компания вакцинаның тиімділігі туралы деректерді 2020 жылдың соңына дейін алады деп күтілуде.