Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Британдық депуттар Brexit-ті мақұлдап дауыс берді
16:23 / 2019-12-21

Егер барлығы осы үрдісте жалғасатын болса Ұлыбритания Европалық Одақтан 31 қаңтарда шығады.


Біраз уақыттан бері Ұлыбританяда Brexit мәселесі шешілмей арты бітпейтін дауға айналып келген еді. Дәл осы шиеленісті шеше алмаған алдыңғы премьер-министр Тереза Мэй өз жұмысынан кетугемәжбүр болды. Ал, жаңадан келген Борис Жонсонның әрекеттері бүгінгі күнге келіп өз жемісін бере бастаған секілді оның жақтаушылары қолдап дауыс берген. 

20 желтоқсанда Британияның төменгі палатасы депутаттары корольдікті Европалық Одақтан шығу заңнамасы жайлы жобаны мақұлдап дауыс берді. Онда 358 депутат бұл жобаға қолдау білдірген. Ал 234 өкіл оған қарсылық танытқан. Енді заң жобасы лордтар палатасына мақұлдау үшін ұсынылады, содан кейін құжатқа патшайым Елизавета II қол қоюы керек.

Жонсонның болжамы бойынша, процестің жүзеге асуы 2020 жыл алғашқы айының бірінші он күндігі ішінде бітуі тиіс. Жағдай ойлағандай кешсе Ұлыбритания ЕО-дан 31 қаңтарда шығады. Содан кейін бір жылдық өту кезеңі болып, тараптар сауда және басқа да салалар бойынша келісімдер жасайды.