Бразилиялық танымал футболшы 44 жасында футболға қайта оралды
Бразилиялық атақты футболшы Денилсон 44 жасында футболға қайта оралды.
Daily Mail басылымының хабарлауынша, бір кездері әлемнің ең қымбат ойыншысы болған Денилсон 12 жылдан кейін бразилиялық төменгі лиганың «Ибис» командасымен келісімшар жасады.
«Сан-Паулу» клубының түлегі саналатын жартылай қорғаушы жалпы футболдағы мансабында «Бетис», «Фламенго», «Бордо», «Палмейрас» және басқа командаларда ойнады. 2010 жылы Денилсон кәсіби мансабын аяқтағанын жариялады.
1996-2003 жылдар аралығында Денилсон Бразилия құрамасында өнер көрсетіп, 2002 жылы әлем чемпионы, 1997 жылы Америка кубогының және 1997 жылы Конфедерация кубогының иегері атанды.