Бразилияның «Флуминенсе» клубының қақпашысы Фабио кәсіби футболда ең көп ойын өткізген ойыншы ретінде жаңа рекорд орнатты.
Оңтүстік Америка кубогының 1/8 финалында Колумбияның «Америка Де Кали» командасына қарсы өткен ойында 44 жастағы қақпашы негізгі құрамда алаңға шықты. «Флуминенсе» 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Бұл матч Фабионың мансабындағы 1391-ойыны болды. Осылайша ол кәсіби деңгейде 1966 жылдан 1997 жылға дейін 1390 ойын өткізген ағылшынның аңыз қақпашысы Питер Шилтонның рекордын жаңартты. Шилтон 49 жасында мансабын аяқтаған.
Фабио 1997 жылы «Униан Бандеиранте» клубында кәсіби футболдағы алғашқы ойынын өткізді. 2000 жылы «Васко да Гама» сапында ел чемпионы атанды. 2013 және 2014 жылдары «Крузейро» клубымен тағы екі чемпиондыққа қол жеткізді.
Ол мансабының көп бөлігін «Крузейро» сапында өткізді – 795 ойын. 2022 жылдан бастап «Флуминенсе» клубында ойнап жүр. 2023 жылы тұңғыш рет Либертадорес кубогын, 2024 жылы Оңтүстік Америка Суперкубогын жеңіп алды.
2010 және 2013 жылдары Бразилия чемпионатының ең үздік ойыншысы атанды. 2004 жылы Бразилия құрамасы сапында Америка кубогын жеңіп алды, бірақ бірде-бір ойын өткізген жоқ.
1997 жылы 17 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы болған.