Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бразилиялық футболшы АПЛ әлеміне қайтуды қалайды
14:02 / 2020-06-01

«Барселона» футболшыны қайта 10 миллион еуроға жалға беруге дайын екенін айтқан


Каталонияның «Барселона» клубынан Мюнхеннің «Бавария» сапында арендаға берілген Филиппе Коутиньо Англия премьер-лигасына қайтуды қалайды, дейді футболшының агенті Киа Джурабчиан.

Оның айтуынша Коутиньо АПЛ сапына қайтуды қалайды. Бірақ оның қай кезде екені белгісіз. Біздер мұны толықтай талқылаған жоқпыз, деген.

Ал «Бавария» клубы қазірге 27 жасар бразилиялықты сатып алу жөнінде нақты ұсыныс айтпай, деседе оны тағы бір маусымда байқап көруін жасырмаған. Өз кезегінде «Барселона» футболшыны қайта 10 миллион еуроға жалға беруге дайын.

Бундеслига кездесулерінде 22 ойында алаңға шығып 8 гол соққан футболшыға АПЛ әлеміндегі «Арсенал», «Челси», «Ньюкасл», «Лестер» және «Манчестер Юнайтед» сында клубтар қызықып отыр.