Бразилиядағы су тасқынынан 56 адам көз жұмды
Бразилияда нөсер жауын салдарынан болған су тасқынынан қаза тапқандар саны 56-ға жетті.
Елдің оңтүстігіндегі Рио-Гранде-ду-Сул штатында да біраз уақытқа созылған жаңбыр үлкен шығынға ұшыратты.
Азаматтық қорғаныс қызметінің мәлімдемесінде белгісіз 67 адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатқаны айтылған. 74 зардап шегуші ауруханаға жеткізілген.
Атап өтілгендей, жаңбыр мен су тасқыны 281 тұрғын үй мекенжайы мен 377 497 азаматқа айтарлықтай зиян келтірген.