Бразилиядағы су тасқыны мен көшкін құрбандарының саны 48-ге жетті
Бразилияның Сан-Паулу штатында толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған су тасқыны мен көшкіннен қаза тапқандар саны 48-ге жетті.
Штат билігінің мәліметінше, 18 ақпаннан бері толассыз жауған жауынның тоқтамаған. 36 адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде болып, іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Мемлекеттік азаматтық қорғаныс басқармасының үйлестірушісі Хенгел Рикардо Перейра апат аймағынан 3 мыңға жуық адамның эвакуацияланғанын мәлімдеген.
Оның айтуынша, нөсер эвакуация процесін айтарлықтай қиындатуда.
Қазіргі уақытта әскери тікұшақпен аймаққа гуманитарлық көмек жеткізуге жұмыстары басталған.
Бразилия президенті Луис Инасио Лула да Силва 21 ақпанда апат аймағына келген.