Бразилиядағы су тасқыны: 15 адам қаза тапты
Бразилияның оңтүстік-шығысында толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған көшкін мен су тасқыны салдарынан 15 адам қаза тапты.
Бразилияның оңтүстік-шығысындағы Минас-Жерайс штатында толассыз жауған жаңбыр көшкін мен су тасқынына себеп болды.
BBC-дің хабарлауынша, табиғи апат негізінен елдің оңтүстік-шығысындағы Минас-Жерайс штатында болып, онда өзендер тасып, қалалар жартылай су астында қалды.
28 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшу үшін үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.
Хуатуба қаласында өзен арнасынан асып, бүкіл тұрғын үйлерді басып қалған. Қазір штаттағы 36 бөгет апатты жағдайда тұр.
Өз кезегінде синоптиктер аймақтағы жаңбырлы ауа райын климаттың өзгеруімен байланыстырады.