Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бразилиядағы орман өрті мен құрғақшылық әлемде кофе бағасын қымбаттатып жіберді
10:31 / 2024-09-22

Бразилияда ұзақ уақыттан бері жалғасып келе жатқан орман өрті мен құрғақшылық салдарынан кофе плантациялары қатты зардап шегуде, бұл жағдай әлем бойынша кофе бағасының өсуіне соқтырды.

Бразилияның Сан-Паулу штатындағы Каконде муниципалитетінде ең ірі кофе өндіруші аймақтардың бірінде фермерлер мен жергілікті тұрғындар орман өрттеріне қарсы күресіп жатыр. Өрт шамамен 600 гектар жерге тараған.

Ел фермерлері 500-600 қап кофе жинауды жоспарлаған болса, оның жартысына жуығы өртеніп кеткен. Сонымен қатар, елдегі құрғақшылық кофе ағаштарының өсуіне кедергі келтіріп, келесі бірнеше жылдағы өнімге де кері әсерін тигізеді деп болжануда.

Кофе өндірісі бойынша екінші орында тұрған Вьетнам да құрғақшылықтан зардап шегуде, бұл елдің де, өнім көлеміне әсер етеді. Осы екі елдегі өнім көлемінің төмендеуі кофе бағасының әлемдік нарықта қымбаттауына әсер етеді.

Кофе бағасы соңғы рет 1970 жылдары Бразилиядағы плантациялардың 70 пайызы қатты аяздан зардап шеккен кезде рекордтық деңгейге көтерілген болатын. Халықаралық кофе ұйымының мәліметінше, соңғы жылдары кофе бағасының үнемі өсуі байқалуда, мысалы, 2023 жылдың тамызында жасыл кофе дәндерінің бір фунты 2,38 доллардан сатылып, өткен жылмен салыстырғанда 55 пайызға қымбаттаған.

Сонымен қатар, Азияда кофеге деген сұраныстың артуы да бағаның өсуіне ықпал етуде. Бразилиядағы арабика кофе плантацияларының шамамен бесінші бөлігі өрт пен құрғақшылықтың салдарынан жойылып кеткен.