Бразилияда жеңіл ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты
Бразилияның оңтүстік-шығысындағы Сан-Паулу штатында жеңіл ұшақ орманға құлап, екі адам қаза тапты.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, бортында екі адам болған ұшақ бейсенбі күні таңертең Сан-Паулудағы жеке әуежайдан көтерілген.
Бразилияның әуе күштері сарапшылар апаттың себебін анықтап жатқанын мәлімдеген.
Апат өткен жылдың желтоқсан айында Ильхабела аралына бара жатқан тікұшақ құлап, төрт адам қаза тапқан таулы тропикалық орман аймағында орын алған.