Бразилияда жеңіл ұшақ апатқа ұшырады
Бразилияның Сан-Паулу қаласындағы Крузейро жағажайында жеңіл ұшақ апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты, бес адам — 4 жолаушы және апат кезінде жағажайда болған бір әйел жарақат алды.
Убатуба муниципалитеті жариялаған мәлімдемеге сәйкес, жолаушылар арасында екі бала да болған.
Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді, олардың жағдайы қазірде бір қалыпты.