Бразилияда табиғи апаттан қаза тапқандар саны 104-ке жетті
Бразилияның Рио-де-Жанейро штатындағы Петрополис қаласында толассыз жауған жаңбыр салдарынан туындаған тасқын нәтижесінде қаза тапқандар саны 104-ке жетті.
G1 порталындағы ақпаратқа сай, табиғат апатынан қаза болғандан арасында 8-і балалар. 50-ден астам үй қираған.
Бұған дейін азаматтық қорғау қызметтерінің 24 адамды аман алып қалғаны және 35 адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде екені хабарланған болатын.
Сейсенбі күні толассыз жауған жаңбыр көшкін мен су тасқынын тудырды. Алты сағаттан сәл астам уақыт ішінде әр шаршы метрге 260 литр жаңбыр жауған. Бұл ақпан айындағы нормаға сәйкес Бразилияның осы аймағында әдеттегіден әлдеқайда көп.
Табиғаи апат салдарынан туындаған іздестіру және құтқару жұмыстарына 400 құтқарушы, 200 полицей, сонымен қатар әскерилер мен еріктілер жұмылдырылған.