Бразилияның Грамаду қаласында шағын жолаушы ұшағы апатқа ұшырады.
Бразилияның Азаматтық қорғаныс агенттігінің мәліметінше, барлық ұшақта болған адамдар қаза тапқан. Апат салдарынан жерде болған 10-нан астам адам жарақат алды.
Хабарда айтылуынша, ұшақ құлаған үш қабатты үй толығымен қираған. Жарақат алғандар, оның ішінде екі адам ауыр халде, ауруханаға жеткізілген. Апаттың себебі әзірге белгісіз.
Жергілікті БАҚ мәліметі бойынша, ұшақтың командирі – бразилиялық кәсіпкер Луис Клаудио Галеацци, ол отбасы мүшелерімен Сан-Паулу штатына жол тартқан. Оның жанында әйелі, үш қызы, басқа да туыстары мен қызметкерлері болған.
Piper маркалы шағын жолаушы ұшағы Риу-Гранди-ду-Сул штатындағы Канела әуежайынан ұшып шығып, бірнеше минуттан кейін Грамаду қаласына құлаған. Грамаду әуежайдан шамамен 10 км қашықтықта орналасқан.
Айта кетейік, Грамаду Серра-Гауша тауында орналасқан және Бразилия туристері арасында өз көркем табиғаты мен ғажап климатымен танымал. XIX ғасырда қалаға көптеп неміс және итальян иммигранттары қоныстанып, бұл орын Рождество мерекелерін өткізу үшін танымал мекенге айналған.