Бразилияда ұшақ апатқа ұшырап бір адам қаза болды
Бразилияның Минас-Жерайс штатындағы Пампульи әуежайына қону кезінде Learjet 35 жеңіл реактивті ұшағының құлауынан бір адам қайтыс болып, екі азама жарақат алды. Алдын ала ақпарат бойынша, ұшақтың шассиі ашылмай қалған.
«Пампульи әуежайында болған ұшақ апатында ұшқыш қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды ... Өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, оқиға салдарынан 76 жастағы екінші ұшқыш Эустакио Авелар қаза тапты», - деп хабарлайды G1 порталы Infraero компаниясының мәліметіне сілтеме жасап.
Хабарда айтылуынша, 1976 жылы шығарылған сегіз орындық ұшақ апатқа дейін Белу-Оризонти қаласындағы әуежайда техникалық қызмет көрсетілгеннен кейін сынақ рейсін орындаған. Ұшақ бортында үш адам болып, бірінші ұшқыш 28 жастағы Габриэль Сантос Назаретті ауыр жағдайда тікұшақпен ауруханаға жеткізді, салонда болған жолаушы алған жарақатымен қашып кеткен.