Бразилияда 1 қаңтар күні жаңадан сайланған президент Луис Инасио Лула да Сильваның ұлықтау рәсімі өтті.
Солшыл Жұмысшылар партиясынан сайланған және үшінші рет президент ретінде ант берген саясаткер Ұлттық конгрестің алдында ант берді.
Президент ретіндегі алғашқы сөзінде саясаткер өзінен бұрынғы президент Жаир Болсонароны сынға алды. Да Сильваның айтуынша, бұрынғы билік білім беру, денсаулық сақтау және Бразилия ормандарын қорғауға бөлінетін ресурстарды қысқарқанына жауапты. Да Сильва экологиялық күн тәртібіндегі мәселелерді шешуге, сондай-ақ шағын және орта бизнестің жағдайын жақсартуға уәде берген.
Бұл да Сильваның үшінші президенттік мерзімі және саясаткердің президенттік сайлауға алтыншы рет қатысуы - ол 2003 жылы қызметіне кірісіп, 2006 жылы қайта сайланды. Лула үшінші мерзімге сайланбады - Бразилия заңы бойынша бір адам қатарынан екі мерзімнен артық мемлекет басшысы бола алмайды. 2017 жылы экс-президент жемқорлыққа қатысы бар деген айыппен 9,5 жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ ол кейін бостандыққа шықты, ал 2021 жылы Бразилияның федералды жоғарғы соты саясаткерге тағылған барлық айыптардың күшін жойды.