Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бразилияда Пеленің кесенесі ашылды
12:42 / 2023-05-16

Әлем футболының үш дүркін чемпионы, Бразилия құрамасының ойыншысы Пеле жерленген кесене Сантос қаласында ашылды.

Франс Пресс агенттігінің хабарлауынша, едені жасанды жасыл шөппен безендірілген кесенеде Пеленің сүйегі алтын жалатылған табытта сақталуда. Бөлмеде экс-футболшының шынайы өлшемдегі мүсіндері де орнатылған. Қабырғаларға стадиондағы жанкүйерлердің бейнелері салынып, Пеле әлі ойнап жатқандай шексіз саундтрек естіліп тұрады. Бұл жерге кез келген адам келе алады, бірақ алдын ала жазылу қажет.

Пеле (толық аты-жөні Эдсон Арантес ду Насименту) – тарихта ойыншы ретінде үш рет әлем чемпионатын жеңіп алған жалғыз ойыншы (1958, 1962, 1970). Клуб деңгейінде Пеле бразилияның «Сантос» клубынан атынан шықты, «Нью-Йорк Космос» клубында ойнап 1977 жылы мансабын аяқтады. Пеле кәсіби мансабында ең көп гол соғып Гиннес рекордтар кітабына енген.

Еске салар болсақ, футбол корольі Пеле 2022 жыл 29 желтоқсанда 82 жасында тоқ ішек қатерлі ісігінен қайтыс болды.