Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бразилияда медбике қателесіп екі сәбиге COVID-19 вакцинасын салып қойды
09:20 / 2021-12-06

Бразилияның Сан-Паулу штатында медбике екі сәбиге қателесіп Pfizer/BioNTech коронавирустық вакцинасын салған. Осы жағдайдан кейін балалар шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды.

UOL порталының хабарлауынша, оқиға 2 желтоқсанда Сорокаба қаласында болған. Онда екі айлық қыз бен төрт айлық ұл балаға көкжөтел, дифтерия, сіреспе, В гепатиті және В гемофильді тұмау инфекциясына қарсы жоспарлы екпенің орнына коронавирустық инъекция жасалған.

«Екпе жасалғаннан кейін олардың әрекеті нашарлай бастап, сәбилер шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды", - деп жазады портал.

Басылым дерегінше, қателескен медбике жұмыстан шеттетіліп, оған қатысты қызметтік тексеру басталған.