Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бразилияда AZAL ұшағының «қара жәшігін» тексеру басталды
13:19 / 2025-01-05

Қазақстанның Ақтау қаласы маңына құлаған Azerbaijan Airlines ұшағының «қара жәшіктері» Бразилияға жеткізілді. Қазіргі уақытта мамандар олардың мәліметтерін талдау жұмыстарын жүргізуде.

Euronews хабарлауынша, ұшақ бортындағы өздігінен жазатын құрылғының мәліметтері үш елдің сарапшыларының қатысуымен талдануда. Тергеу тобының құрамына Қазақстан, Әзербайжан және Ресей мамандары енген.

Бразилия Әскери-әуе күштерінің мәлімдеуінше, ұшқыштардың дауыстары мен ұшақтың бүкіл рейс бойындағы жағдайы туралы мәліметтер сақталған «қара жәшіктер» қысқа мерзімде зерттеліп, талданады.

Қорытынды бойынша жарияланатын мәліметтер Қазақстан билігіне беріледі.

Айта кетейік, 2024 жылдың 25 желтоқсанында Бакуден Грозныйға бағыт алған Azerbaijan Airlines (AZAL) ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ бортында 67 адам, соның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Апаттан 38 адам қаза тапты. Бұған дейін Қазақстанның Көлік министрлігі AZAL апатына қатысты тергеудің алғашқы нәтижелері 30 күн ішінде жарияланатынын мәлімдеген еді.

Azerbaijan Airlines компаниясы Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан Embraer 190 ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін, «қауіпсіздік мәселелеріне» байланысты Ресейдің бірнеше қаласына рейстерді тоқтатты. Бұл туралы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 29 желтоқсанда AZTV телеарнасына берген сұхбатында айтты.

«AZAL Ресейдің жеті қаласына рейстерді белгісіз мерзімге тоқтатты. Сонымен қатар біз Ресейдің үш қаласынан Әзербайжанға әуе қатынасын доғардық. Қауіпсіздік бірінші орында», – деді ол. Әлиевтің айтуынша, аталған қалаларға рейстердің қашан қайта жанданатыны белгісіз, бірақ Баку «Ресейдің әуе кеңістігінің қауіпсіздігін» ескеретінін жеткізді.