Бразилия президенті Леонардо Ди Каприоны Амазония ормандарының өртнуінде айыптады
Голливуд актері Амазония ормандарын өртеу үшін 5 млн доллар қаржы бөлген
Президенті Жаир Болсонарудың айтуынша Голливуд актері Леонардо Ди Каприо Амазония ормандарының өртенуіне қатысы бар комерциялық ұйымды қаржыландырған.
ВВС-дің хабарына сәйкес, Бразилия президенті бұл ақпаратты қайдан алғанын айтпай, өз сөзінде «Ди Каприо мықты жігіт, солай ма? Ол Амазонка ормандарына от қоюда», деген.
Ал бұл президенттің дәлелсіз айыптауларын актер қабылдамай, ол өзінің Earth Alliance ұйымы Амазония ормандарының өртін сөндіруге кіріскен ұйымдарға 5 млн доллар қаржы бөлгенін және қайталанбас осынау жасыл табиғатты қорғаушы топтың бір бөлігі екенін мақтанышпен айтқан.
Осыған дейін, қомақты қаржыға қол жеткізу үшін орманға өрт қойған деген күдікпен полиция төрт азаматты ұстаған, бірақ олардың Амазония ормандары өртіне себебі дәлелденбей азат етілген.