Бразилия президенті әлеуметтік желіде құпия құжаттарды жариялады
Бразилия президенті Жаир БолсонаруЖаир Болсонару әлеуметтік желіде құпия құжаттар фотосуретін жариялады.
Reuters-тың хабарлауынша, құпия құжаттардың таралуына байланысты полиция президенті Жаир Болсонародан жауап алатын болады. Осы үкімге Бразилия Жоғарғы сотының судьясы Александр де Мораес қол қойды. Болсонаро 28 қаңтарда куәлік беруі керек.
Болсонаро әлеуметтік желіде Жоғарғы сайлау сотының жүйесіне шабуылдар туралы қаралып жатқан істің құпия құжаттарын жариялады. Шабуыл 2018 жылғы президент сайлауына бірнеше ай қалғанда жасалған.