Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бразилия президенті ауруханаға түсті
16:47 / 2021-07-14

Бразилия президенті Джаир Болсонару бүгін таңертең іші ауруымен ауруханаға түсті.

G1 жаңалықтар порталының хабарлауынша, ол қарулы күштер госпиталінде тексеріліп жатыр. Осы жағдайға байланысты мемлекет басшысының таңғы іс-шаралары тоқтатылған.

Болсонару 2018 жылдың қыркүйек айында сайлауға бір ай қалғанда Минас-Жерайс штатындағы Хуис-де-Фору қаласында өткен сайлау митингінде пышақтан жарақаттанған болатын. Пышақ ішекті қанмен қамтамасыз ететін коронарлық артерияға зақым келтірген. Осыдан кейін Бразилия басшысына бірнеше операция жасалған еді.