Бразилия мен Аргентина ортақ валюта туралы келіссөздерді қайта бастады
Бразилия мен Аргентинаның ресми өкілдері ортақ валюта құру жұмысын бастайды.
Perfil апталық басылымындағы хабарға сәйкес, бұл туралы екі елдің президенттері Луис Инасиу Лула да Силва мен Альберто Фернандестің бірлескен мақаласында жарияланған.
«Біз жалпыға ортақ Оңтүстік Америка валютасы идеясын талқылауды жалғастыру туралы шешім қабылдадық, оны қаржылық және коммерциялық транзакциялар үшін де қолдануға болады. Бұл жағдай шығыстар мен сыртқы тәуелділікті төмендетеді. Біз Оңтүстік Американың бірыңғай валютасын талқылауды жалғастырамыз", - делінген екі көшбасшының үш жылдағы алғашқы кездесу алдында жазылған мақалада.