Бразилия коронавирус жөнінде ақпарат таратудан бас тартты
Бұған дейін Бразилия президенті Жаир Болсонару Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын идеологиялық нақтылықтан алыс орта деп айыптап, өз елін атаулы ұйым құрамынан шығарамыз деп шошытқан болатын.
Жер-жаһанға тараған тәжіндетінен ең көп жапа шеккен елдер қатарында АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұрған Бразилия мемлекеті елдегі коронавируспен ауырған науқастар жөнінде мәліметтерді жариялауды ішінара тоқтатты.
«Reuters» таратқан хабарда айтылуынша Бразилияда деректер беруді тоқтата тұру туралы бастаманы алдымен елдің Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған, содан кейін бұл бастамаға президент Жаир Болсонару қолдау білдірген. Агенттіктің хабарлауынша, шенеуніктер алдыңғы деректердің дұрыстығын тексеру үшін ресми статистиканы жариялауды тоқтатқан. Сондай-ақ, деректердің жиі жариялануына байланысты уақтылы жариялау процедурасын жасау қажет екендігі айтылып, жауаптылар жаңадан анықталған науқастар туралы статистиканы шығаруда.
Бұған дейін 6 маусымда Бразилия президенті Жаир Болсонару Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын идеологиялық нақтылықтан алыс орта деп айыптап, өз елін атаулы ұйым құрамынан шығарамыз деп шошытқан болатын.
Соңғы деректерге сай қазірде Бразилияда 672 846 кісі коронавирус жұқтырған. Олардан 277 мыңнан астамы сауығып, 36 мыңға жуық науқас көз жұмған.