Бранко Иванкович Қытай құрамасының бас бапкері болды
Футболдан Қытай құрамасының бас бапкері болып Бранко Иванкович тағайындалды.
Бұған дейін Қытай құрамасын басқарған 69 жастағы серб бапкері Александр Янкович 2023 жылы Қатарда өткен Азия кубогында қытайлықтар топтан шыға алмаған соң қызметінен босатылған.
Оның орнына Хорватиялық маман әкелінген. Дегенмен Бранко Иванковичте Қатарда өткен Азия кубогында Оман құрамасы бапкері болып жұмыс істеген және топтық кезеңінен шыға алмай, қызметінен босатылған.
Еске салар болсақ, 2010 жылы Иванкович «Шандун Лунэн» клубын Қытай чемпионы етті. Оның басшылығымен Иран 2006 жылғы әлем чемпионатына қатысты.