Қазақстанда білім алып жатқан 35 өзбекстандық студент Ташкентке қайтарылды.
Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігінің мәліметінше, Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университетінде білім алып жатқан 35 өзбекстандық студент «Uzbekistan Airways» әуе компаниясымен елге оралды.
«Соңғы аптада көршілес Қазақстандағы оқиғаларды көптеген өзбекстандықтар үлкен толқумен күзетуде. Ал кейбіреулер осы елде жүрген жақындарының өмірі үшін алаңдады. Олардың арасында Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университетінде оқитын студенттердің ата-аналары да бар», - деп жазды Қазақ мемлекеттік заң университетінің өзбек студенттерінің ата-аналар комитетінің төрағасы Тура Тураев.
Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстанның Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Қажет болған жағдайда Өзбекстан азаматтарына құқықтық көмек көрсетіледі.
Осыған байланысты азаматтар кез келген уақытта Нұр-Сұлтан (телефон: +7 771 020 36 73), Алматы (телефон: +7 777 950 44 33) және Ақтау (телефон: +7 777 599 00 51) қалаларындағы Өзбекстанның дипломатиялық өкілдіктеріне жүгіне алады.