Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бұқарада парламентаралық ынтымақтастық жөнінде халықаралық форум өтуде
15:26 / 2021-06-23

2021 жыл 23 маусымда Бұқара қаласында «Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі жаһандық парламентаралық ынтымақтастық» халықаралық форумы өз жұмысын бастады.

Форумға қатысушылар сессия барысында топтарға бөлініп, тақырып бойынша өзекті мәселелерді талқылады. Атап айтқанда 1-сессияға қатысушылар тұрақты даму мақсаттарын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етудегі парламенттің рөлі туралы айтты.

Сессияны «Олий Мажлис» Сенаты Төрағасының Бірінші орынбасары С. Сафоев басқарды. Оған ӨР «Олий Мажлис» Сенатының Арал өңірін дамыту комитетінің төрағасы Борий Алиханов, Азия Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Мұхаммед Реза Маджиди, Индонезия Өкілдер палатасы Төрағасының орынбасары Рахмат Гобель, Қытай Халықтық Бүкілқытайлық Жиналысы Халықаралық істер комитетінің төрағасы, Қытайдан парламентаралық достық тобының мүшесі Чжан Есуй қатысты.

Жиында Тұрақты даму саласындағы мақсаттар - бұл барлық ауқатты, кедей және орташа дамыған елдердің өркендеуді қамтамасыз етуге және планетамызды қорғау жолында бірегей үндеуі екендігі баса айтылды.

Сонымен қатар аштықты азайту, азық-түлік қауіпсіздігі мен тамақтануды жақсарту, тұрақты ауыл шаруашылығын ілгерілету, тұрақты даму мақсаттарын алға жылжытуда Бүкілқытайлық халық құрылтайының рөлі, аймақтық ынтымақтастық және Азия елдерінің ортақ мүдделері және басқа мәселелер талқыланды.