«Бостон» 18-ші рет NBA чемпионы атанды
Массачусетс штатының американдық кәсіби баскетбол командасы «Бостон» NBA чемпиондық атағын 18-ші рет жеңіп алды. Бұл команда тарихында рекордтық көрсеткіш.
Бостондағы финал кездесуі 106:88 (28:18, 39:28, 19:21, 20:21) есебімен аяқталды.
NBA тарихында екінші орын «Лос-Анджелес Лейкерс» командасына тиесілі. Калифорниялық клуб 17 рет NBA чемпионатында жеңіске жеткен.
«Бостон» 2008 жылдан бері алғаш рет чемпион атанды.