English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бостандықта жаңа аспалы жолдар салынады
11:51 / 2020-11-27

Австрияның «Doppelmayr» компаниясы Ташкент облысының Бостандық ауданы және Жыззақ облысының Зомин ауданында аспалы жол салады.

Туризмді дамыту мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, комитет төрағасы әрі Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасары Азиз Абдухакимов Австрияның «Doppelmayr» компаниясының ТМД бойынша директоры Валерий Яшинмен кездесті. Тараптар Өзбекстандағы таулы ортадағы аспалы жолдарды дамыту мәселелерін талқылады.

Жоба бойынша Жыззақ облысы таулы аймақтағы шаңғы трассаларына қызмет көрсету үшін екі жартылай жолақты аспалы жол және үш көтергіш құрылғы салынады.

Сонымен қатар, Бостандықтағы «Амирсой» тау-шаңғы курортына қосымша ретінде гондол түріндегі аспалы жол мен тау-шанғы тарссасына бірнеше көтергіштерді салу және екі көрнекті аспалы жол салу жоспарлануда.

Аймақтарды зерттеу аясында осы процестерді жеделдету бойынша келіссөздер жүргізіліп, «Doppelmayr» компаниясының техниктері қажетті жерге шығып, инженерлік іздестіру мен геологиялық жұмыстардың топографиялық түсірілімдерін алып, соның негізінде жолдар мен биіктіктердің нақты орындары анықталды.

Кездесу қорытындысы бойынша Өзбекстандағы екі тау-шаңғы курортында аспалы тау жолдарын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы келісімге қол жеткізілді.