Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бостандық ауданында халықаралық курорт құрылатын болды
20:25 / 2020-08-14

Бостандық ауданында жалпы құны 480 миллион долларлық «Белдерсай-Шымган-Нанай» халықаралық курорты құрылатын болды


14 тамызда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев елдегі туристік әлеуетті кеңейту жобасындағы Ташкент облысының Бостандық ауданы туристік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жоба тұсаукесерімен танысты.

Президент баспасөз қызметінің таратқан хабарына сай, корнавирустық пандемия салдарынан Өзбекстанда туризм саласы біршама зиян көрді. 1500-ден астам туроператор, 1200 қонақ үй қызметі тоқтап осы жүйедегі жандардың табысына қатты әсер етті.

Бұдан бөлек туризмдік деректерге сүйенсек, жыл сайын Өзбекстаннан шетелдегі демалыстарға шамамен 1,2 млрд доллар шамасында қаржы кетеді екен. Мұның басты себептерінің бірі - Өзбекстандағы барлық талаптарға сай келетін заманауи туристік кешендердің аздығы.

Сол себепті саланы дамыту және туристік мекендердің жұмысын біртіндеп жолға қою шаралары қаралуда. Бұл тұрғыдан Ташкент облысы Бостандық ауданының туристік инфрақұрылы өте жоғары екендігі айтылып, табиғатының көркемдігін есепке алғанда мұнда туристік мекендерді құру жөнінде нақты мәселелер талқыланды.

Ең алдымен осы аймақта «Белдерсай-Шымган-Нанай» халықаралық курортын құру жобасы басты назарда болып, оның тұжырымдамасы мен экономикалық моделі FASEP қорынан 750 мың еуро гранты есебінен француз компанияларының консорциумы жасаған. Жобаның жалпы құны 480 миллион доллар. Осы сомманың 280 миллионы тікелей шетел инвестициясы.

Жоба 3 кезеңнен тұрады. Алғашында Шымган аймағында жалпы маусымдық курорт құру жоспарланып 2021 жылға аяқтау көзделген. Онда Францияның 48 миллион еуро көлемінде жеңілдетілген несие арқылы аспалы дәліздер, тау шаңғысы жабдықтары мен аттракциондар орнатылатын туристік инфрақұрылымды дамыту кезеңі болады.

Жобалардың маңызды міндеті - мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде табысты кәсіпкерлерге мүмкіндік беру. Соның негізінде аудандағы бос және тиімсіз пайдаланылған объектілерді сату арқылы туризм және қызмет көрсетуді дамыту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, 80 гектарға жуық мемлекеттік нысанды жекешелендіру жоспарлануда. Бұл мемлекеттің туризм саласына қатысуын азайтады және жеке кәсіпкерлікті дамытады. 15 мыңға дейін жаңа жұмыс орны ашылып, қолайлы бағалар бәсекелестіктің артуына байланысты қалыптасады.

Бостандық ауданындағы салықтық объектілерін есепке алуды жеңілдету мақсатында «orom.uz» мобильді қосымшасы және бірыңғай электронды платформа жасалды. Осы платформа арқылы 3700-ден астам жалға алушы тіркелген. Сонымен қатар, қосымша ретінде 16 мыңнан астам нысан тіркелген. Нәтижесінде салық түсімдері өткен жыл мен салыстырғанда шамамен 3 есеге өсті.

Тұсаукесерде жобалар концепсиясына сай тау бөктерінде, орман және су алқаптарында жеңіл тасымалданатын демалыс аймағын құру жобасы да талқыланып, алдағы екі жыл ішінде туристік орындар мен қызмет көрсетуді көбейту нәтижесінде облыстың туристік әлеуетін екі есе арттыру міндетін қойылды.