Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Босниялық кинорежиссердің картинасы жыл фильмі атанды
16:11 / 2021-12-13

Босниялық кинорежиссер Ясмила Жбаничтің «Қайда барасың, Аида?» (Quo vadis, Vida?) фильмін Еуропалық кино академиясы жылдың үздік фильмі деп тапты.

Фильм сюжеті 1995 жылғы Босниядағы соғыс кезіндегі БҰҰ аудармашысы және бұрынғы мектеп мұғалімі Аида есімді әйелдің бастан кешкен қиындықтары жайлы баяндайды. 

Биыл маусымның 25 жұлдызында Австрияда премьерасы өткен драмада басты рөлді сомдаған сербиялық актриса Ясна Джуричич (Аида рөлінде) Еуропаның үздік актрисасы деп танылды.

Еуропалық кино академиясы 2020 жылы әлемдік прокатка шыққан режиссер Флориан Зеллердің «Әке» филіміндегі рөлі үшін «Оскар» жүлдесін алған Энтони Хопкинсті осы туындыдағы образ үшін үздік актер марапатына лайық деп тапқан.