Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Борис Джонсон Ұлыбритания премьер-министрі лауазымы үшін күресуге дайын
10:59 / 2022-10-22

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон Консервативтік партия басшысын және тиісінше келесі үкімет басшысын сайлауға қатысуға дайын.

Sky News арнасының мәліметінше, Консерваторлық депутат Джеймс Дадридж телеарнаға Джонсонның көшбасшылық үшін жарысқа қатысуды жоспарлап отырғанын айтты.

Оның айтуынша, Джонсон Ұлыбритания премьер-министрі лауазымы үшін сайлауға қатысады. Сол үшін ол Кариб теңізіндегі демалысынан оралатын болған.

Сайлауға қатысу үшін Джонсон дүйсенбі күні жергілікті сағат 14:00-ге дейін консерваторлар атынан 100 депутатты көрсетуі керек. Дәл қазір оны 43 адам ашық қолдаған. 

Аптаның бейсенбі күні Ұлыбритания премьер-министрі Лиз Трасс отставкаға кететінін мәлімдеді. Трасс үкіметті 45 күн басқарды - бұл Ұлыбритания тарихындағы премьер-министрі лауазымында жұмыс іістеген ең қысқа уақыт.