Борис Джонсон коронавирус індетін жұқтырды
Бүгінде Британияда тақтың мұрагері 71 жасты ханзада Чарльзда осы індетті жұқтырған
Ұлыбританияның атышулы премьер-министрі Борис Джонсон осы күнгі адамзат үшін ең қауіпті болған ауру коронавирусты жұқтырған. Оны ол өз твиттер парақшасында жариялады.
Қазіргі уақытта 55 жасты қарсылаған саясатшы бұл жағдайды былай баяндайды: «Соңғы 24 сағат ішінде менде аурудың жеңіл белгілері пайда бола бастады және коронавирустық тест нәтижесі оң болды (яғни вирус анықталды). Сондықтан мен қазір үй жағдайында оқшауланғаннан кейін үкіметтің жұмсын үйде жалғастыра беретін боламын», - деген Джонсон.
Бүгінде Британияда тақтың мұрагері 71 жасты ханзада Чарльзда осы індетті жұқтырғаны 25 наурызда белгілі болған еді. Ал бүгінгі соңғы деректерге сай Англияда 11658 кісі коронавирус жұқтырып, қаза болғандар саны 578-ге жетті. Емделгендер 135 кісіні құрайды. Осы жағдайға орай елде үш апталық карантин жарияланған.