Борис Джонсон: Еуропада коронавирустың екінші толқыны басталды
Джонсон Ұлыбритания азаматтарын барлық сақтық шараларын қабылдауға және аурудың тарау қаупі болған орталарға бетперде киіп баруға шақырды
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон «Sky News» телеарнасындағы эфирінде ел азаматтарына кейбір Еуропа елдерінде коронавирустың екінші толқыны басталғанын мәлімдеді.
Джонсон Ұлыбритания азаматтарын барлық сақтық шараларын қабылдауға - әлеуметтік қашықтықты сақтауға, көбірек қол жууға, адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде киуге шақырып, «Өткенде қандай жағдай болғанын бәрімізге белгілі. Біз осы Ұлыбританияда барлық жағдайлар мен барлық шараларды қабылдауға дайын болуымыз және біз мұны істеп келемізде», - деген.
Премьер-министр үкімет Испаниядан келген азаматтарға екі апталық карантин енгізуге мәжбүр болғанын: коронавирус таралған басқа аудандардан оралған британдықтар да өз отандастарына ауру жұқтырмау туралы ойлануы керек деп түсініктеме берген.