Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Борис Джонсон ауруханаға жатқызылды
10:48 / 2020-04-06

Ұлыбритания патшайым Елизавета II телеарна арқылы халыққа үндеу жолдады


Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон 10 күндік үй жағдайында коронавирус ауруынан айықпауына байланысты ауруханаға жоспарлы тексеруден өту үшін жатқызылған.

27 наурызда вирус жұқтырғандығы мәлім болған Борис Донсонның арадан 10 күн өтсе де үй жағдайындағы емдік процесі өз нәтижесін бермегендіктен оның дәрігері ауруханаға жатқызуға мәжбүр болған. Хабарда айтылуынша, Донсон өзін жақсы сезінгенмен оның дене қызу түспей қойғандығы себебінен ауруханаға жоспарлы тексеруден өту үшін жатқызылғандығы айтылып, ол Сент-Томас ауруханасында жатқан күйде үкімет жұмысын жалғастыра бермек.

Ұлыбританиядағы қазіргі коронавирустық орын алған жағдайдың нашарлауына байланысты Британия патшайым Елизавета II телеарна арқылы халыққа жасаған үндеуінде оларды бірігуге шақырып «Біз бұл індетті жеңіп өтеміз» деген. Қазірге келіп ел аумағында тәжіндетінен жапа шеккендер 48440 кісіге жеткен. 4934 кісі қаза болып, 229 азамат емделіп шыққан.