Болливуд жұлдыздары Ташкент халықаралық кинофестиваліне қатысады
Кинематография агенттігінде Өзбекстандағы Үндістан елшілігі мен Үндістанның Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар министрлігінің өкілдерімен бейне байланысты кездесу өтті.
Сұхбат барысында тараптар Үндістан делегациясының қыркүйек айында өтетін Ташкент халықаралық кинофестиваліне қатысуын талқылады. Онда, атаулы кинофестивальге Болливуд кино жұлдыздарының келуі және үнді фильмдерінің көрсетілімін ұйымдастыру мәселелері қаралып, «Фильм 5 күнде» жобасына үнділік жас режиссерлердің қатысуын ұйымдастыруға келісілді.
Бейне байланыс соңында қатысушылар осы жылдың желтоқсан айында Үндістанда өтетін халықаралық кинофестиваль аясында «Өзбек кино күндерін» ұйымдастыру және екі ел арасында бірлескен жобалар жасау мәселелерін де қарастырды.