Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Боливияның уақытша президенті елдегі президенттік сайлауға қатыспайтын болды
12:49 / 2020-09-18

Боливияда президент сайлауы 18 қазанға жоспарланған


Боливияның уақытша президенті Жанин Аньес президенттік сайлауға қатыспайтынын мәлімдеді.

Ол мұны демократиялық күштердің кандидаттары арасында дауыстардың бөлінуін қаламайтындығымен түсіндірген, өзінің бейне таспалы үндеуінде. «Мен бүгін Боливия президенттігіне қойған кандидаттығымды қайтарып аламын. Бұл құрбандық емес, үлкен мәртебе, өйткені мен мұны демократиялық үміткерлер арасында дауыстардың бөлінуі қаупі болғандықтан жасап отырмын», - деген.

Оның айтуынша боливиялықтар бірікпесе, онда Эво Моралес елдегі билікке қайта оралатынында айтып өткен.

Еске салар болсақ, өткен жылы болған президенттік сайлауларда жеңіске жеткен Эво Моралесті халық президент деп қабылдамай, наразылықтар артынан ол елден кетуге мәжбүр болған еді. Содан кейін оның орнына уақытша президенттікке Жанин Аньес келді.

Боливияда президент сайлауы 18 қазанға жоспарланған.