Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Боливия президенті отставкаға кетті. Полиция оны қолға алуы мүмкін
14:15 / 2019-11-11

Эво Моралестің төртінші рет қайта президенттікке келуі елде төңкерістерге себеп болды.


20-шы қазаннан бастап үлкен наразылықтарға себеп болған Эво Моралестің төртінші рет қайта президенттікке келуі елде төңкерістерге себеп болды.

Кеше ғана осы жағдайларға байланысты Моралес президенттік сайлау қайта өтуі жайында мәлімдеді, бірақ қай уақытта өтуін айтпаған. Бүгін ол өзінің отставкаға кеткенін ресми түрде телеарна арқылы жариялап, өзіне қауіп төнгені жайлы Твиттерде жазба қалдырған.

Боливия Конституциясына сәйкес, президент отставкаға кеткен жағдайда оның міндеттері алдымен вице-президентке, сосын сенаторға, содан кейін парламент спикеріне өтеді. Ең қызық тұсы жоғарыда аталған лауазымдағы қызметкерлердің барлығы елді басқарудан бас тартқан.

Қазіргі кезде президенттік сайлауда орын алған әділетсіздіктерге байланысты прократура тексеру жұмыстарын бастаған.