Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Боливия халқы президент Моралестің отставкаға кетуін талап етті
15:41 / 2019-11-10

Ел президенті қайта сайлау өтуі жайында мәлімдеме жасады


Боливия халқы жақында ғана қайта сайланған президент Моралестің отсавкаға кетуін талап етіп, бұл сайлаудың әділ өтпегенін айтып суық қарумен қарсылық наразылықтарын өткізуде.

Осы жағдайды ескерген қазіргі президент(2006 жылдан бері сайланып келе жатқан) Эво Моралес президенттік сайлаудың қайта өткізілуі жайында хабарлады. Ол өз сөзінде «Мен жаңа президент сайлауын өткізуді қолдаймын және болив халқы бұл сайлауда өз президентін дауыс беру арқылы қайта сайлайтын болады. Тек наразылықтарды тоқтатсаңыз екен» деген.

Бірақ қазірге президентті қайта сайлау уақыты анық айтылмаған. Осыған дейін 20 қазанда қайта сайланған Эво Моралесті қарсыласы, оппозиция өкілі Карлос Меса оның бір турдың өзінде сайланғанын мойындамайтынын айтқан. Моралес ресми түрде президент деп жарияланғаннан кейін елде наразылықтар басталып, артынан президент Моралес бұл жағдайды оппозиция өкілін мемлекеттік төңкеріс жасауда кінәлаған. 

Боливиядағы қайта президент сайлауын АҚШ қолдайтынын жеткізіп, өткен сайлаудағы әділетсіздіктің күәсі болғаны мен алдағы сайлаудың еркін және әділ сайлау өткізуді қамтамасыз ететін жаңа сайлау трибуналын ұйымдастыруға шақыруды толығымен қолдаймыз, - деді Помпео өз мәлімдемесінде.