Болгарияның МиГ-29 жойғыш ұшағы оқу-жаттығу кезінде радардан жоғалып кетті
Болгария Әскери-әуе күштерінің МиГ-29 жойғыш ұшағы Шабла-21 тактикалық оқу-жаттығуы миссиясы кезінде Қара теңіз аймағында радардан жоғалып кетті.
Елдің қорғаныс министрлігінің дерегінше, МиГ-29 ұшағы радиобайланыс пен радардан жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 00:45-те жоғалып кеткені айтылады.
«Іздеу-құтқару операциясы дереу басталды, ол әзірге дейін жалғасуда. Оған Әскери-теңіз күштері, Біріккен арнайы операциялар басқармасы, Шекара полициясы мен Әуе қорғаныс күштері мен активтері қатысуда», - делінген хабарламада.
Осы оқиғаға байланысты Шабла-21 әскери маневрлері тоқтатылған.