Болгарияда тас жолда өртенген ірі автобус апатынан қаза тапқандар саны 46-ға жетті.
«Алдын ала мәлімет бойынша, Солтүстік Македония Республикасында тіркелген автобус Струма тас жолының 31-ші шақырымында апатқа ұшырады. Апат салдарынан 46 адам қаза тапты", - делінген BGNES агенттігінің сайтында.
NOVA телеарнасының хабарлауынша, қаза тапқандардың барлығы Солтүстік Македония азаматтары. Бұл елдің премьер-министрі Зоран Заев жақын арада төтенше жағдай орын алған жерге келетінін айтқан.
Жергілікті БАҚ мәліметіне қарағанда автобус салонында - 52 немесе 53 жолаушы болған. Қазірде аман қалғандардың барлығы ауруханаға жеткізілді, олардың жағдайы тұрақты.
Болгария билігі оқиғаның үш себебін қарастырып жатыр: жүргізушінің ұйықтап кетуі, жолдың ылғалды болуы немесе техникалық ақау. Сондай-ақ, нұсқалардың біріне сәйкес, автобустағы өрт апатқа дейін де басталуы мүмкіндігі айтылған.