Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Болгария өз әскерін Ауғанстаннан шығаратынын жариялады
09:51 / 2021-04-15

АҚШ пен НАТО бойынша одақтас елдер өз әскерлерін Ауғанстаннан шығару туралы шешім қабылдағаннан кейін Болгарияда осындай шешім қабылдады.

Бұл туралы премьер-министр Бойко Борисов мәлімдеп, «Бүгін біз осы мәселе бойынша алғашқы пікірталас өткіздік және жақын арада үкімет отырысын өткізіп, Ауғанстаннан әскерлерімізді шығарамыз», - деді ол.

Бүгінгі таңда Ауғанстанда 120 болгар солдаты мен офицері қызмет етеді. Оларға әскери базалардың сыртқы периметрін, Баграм аэродромының және Кабулдағы штабты күзету жүктелген.