Болгария Президенті ресми сапармен Өзбекстанға келеді
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Болгария Республикасының Президенті Румен Радев 9–11 маусым күндері ресми сапармен Өзбекстанға келеді.
Сапар бағдарламасына сәйкес, екі ел көшбасшыларының келіссөздері, ресми және іскерлік іс-шаралар өткізу, сондай-ақ бірқатар екіжақты келісімдерге қол қою жоспарланған.
Өзбекстан мен Болгария Президенттері өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі дамыту, соның ішінде тауар айналымын ұлғайту, агроөнеркәсіптік кешен, фармацевтика саласы, кен өндіру және цифрландыру бағыттарында ынтымақтастық орнату, туризм мен мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту мәселелерін талқылайды.
Болгария Президенті Румен Радев IV Ташкент халықаралық инвестициялық форумына да қатысады.