Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Болгария Президенті ресми сапармен Өзбекстанға келді
22:50 / 2025-06-09

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Болгария Республикасының Президенті Румен Радев 9 маусым күні ресми сапармен Өзбекстанға келді.

Ташкент қаласындағы халықаралық әуежайда мәртебелі мейманды Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.

Сапардың негізгі іс-шаралары 10 маусым күні өтеді.

[gallery-23819]

Сапар бағдарламасына сәйкес, екі ел басшыларының келіссөздері, ресми және іскерлік іс-шаралар өткізіліп, бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылуы жоспарланған.

Өзбекстан мен Болгария Президенттері өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі дамыту, атап айтқанда, тауар айналымын ұлғайту, агроөнеркәсіп кешені, фармацевтика саласы, кен өндірісі, цифрландыру бағыттарында кооперация орнату, туризм мен мәдени-гуманитарлық алмасуды кеңейту мәселелерін талқылайды.

Болгария Президенті Румен Радев IV Ташкент халықаралық инвестициялық форумына да қатысады.

И.АВВАЛБОЕВ, Н.ХАЙДАРОВ (сурет), ӨзА