Болгария парламенті алғаш рет Украинаға әскери көмек көрсетуді мақұлдады
Болгария парламенті алғаш рет Украинаға әскери көмек жіберуді мақұлдады, енді бір ай ішінде ел үкіметі ол жаққа қандай қару-жарақ жіберілетінін және бұл Болгарияның қорғаныс қабілетіне нұқсан келу-келмеуін шешеді.
AP хабарлауыынша, Украинаға мұндай көмек көрсетуді 175 парламентарий қолдап, 49-ы қарсы, біреуі қалыс қалған.
Әзірге Болгария өз нысандарында Украинаның әскери техникасын жөндеуге келісті, бірақ президент Румен Радев пен кейбір саяси партиялардың қарсылығына байланысты әскери көмек жібермеді.