Болгар жазушысы Георгий Господинов ағылшын тіліндегі әдебиет бойынша 2023 жылғы Халықаралық Букер сыйлығын жеңіп алды.
The Man Booker Prize компаниясының сыйлығына ие болған болгариялық жазушысы әрі ақын өз туындысын «Баспана» деп атаған.
«Ирония мен мұңға толы тамаша роман. Бұл өте заманауи сұрақты қозғайтын терең шығарма: есте сақтау қабілетіміз жоғалған кезде бізбен не болады. Георгий Господинов жеке және ұжымдық тағдырлармен ғажайып түрде күресе алған және нәзік әрі әмбебап арасындағы осы күрделі тепе-теңдік бізді сендірді», деген қазылар алқасының төрағасы, марокколық француз жазушысы Лейла Слимани Лондонда өткен салтанатты шарада.
«Баспана» романы 2020 жылы жарық көрді және 2022 жылы ағылшын тіліне аударылды. Көркем туынды «Өткеннің оралуы» емдеу орталығы – Альцгеймер ауруымен ауыратын науқастарды емдейтін емхана туралы баяндайды. Әр қабат онжылдықты егжей-тегжейлі сипаттап, пациенттерді қауіпсіз және бақытты уақытқа жетелейді. Дегенмен, палаталар өткен жылдарға нанымды түрде ұқсай бастаған сайын емханаға оны «уақытша пана» ретінде қабылдап, қазіргі уақыттан жасыруға тырысатын дені сау адамдар көбейіп келетіні оқырманға ұсынылған.
55 жасты жазушының айтуынша, ол кітапты әлемде популизмнің күшеюінен жазуға шешім қабылдаған. «Мен коммунизм кезінде «жарқын болашақты» сатқан жүйеден келдім. Қазір назар аударатын нәрселер өзгерді, ал популистер «жарқын өткенді» сатып жатыр. Менің білетінім мұндағы екі уәдеге де кепіл жоқ», - дейді жазушы.
Господинов 1968 жылы Болгарияда дүниеге келген. «Баспана» оның үшінші романы. Ол бұл марапатты өзінің «ең сүйікті мерекесі – славян әдебиеті күні» атап өтілетін 24 мамыр қарсаңында алғанын айтты.

Кітапты ағылшын тіліне американдық Анжела Родел аударған және осы қызметі үшін сыйлыққа берілетін 50 сың фунт стерлинг (62 мың доллар) көлеміндегі ақшалай марапаттың жартылай иегері саналады. Бұған дейін болгар тілінде жазылған кітап Букер сыйлығына ұсынылмаған болатын. Роман Господиновтің Ұлыбританияда басылған алғашқы романы болды.